ШҚО полицейі пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында алтын жеңіп алды

ШҚО полицейі пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында алтын жеңіп алды

ШҚО полицейі пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында алтын жеңіп алды

15–17 мамыр аралығында Алматы қаласында күштік спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, онда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі, полиция майоры Қуат Бақытбекұлы жоғары нәтиже көрсетті.

82,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен тәртіп сақшысы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірден екі дисциплина бойынша жүлделі орындарды иеленді. Штанганы көтеру сайысында 147,5 келіні бағындырып, үшінші орынды иеленді. Ал «өз салмағымен көтеру» дисциплинасында 82,5 келіні 31 рет көтеріп, чемпион атанып, бірінші орынды жеңіп алды.

Арнайы жасақ қызметкерінің спорттағы жетістіктері де ауқымды. Ол — 2024 жылғы Әлем кубогының иегері, 2024 жылғы Азия чемпионы, пауэрлифтингтен 2022 жылғы Қазақстан чемпионы және спорт шебері атанған.

Қуат Бақытбекұлы спортпен 2017 жылдан бері айналысады, ал жылдам қимылдайтын арнайы жасақтағы қызметіне 10 жылын арнаған. Оның жетістігі — полиция қызметкерінің күші тек кәсіби біліктілік пен қызметке адалдықта ғана емес, сонымен қатар өз-өзін үздіксіз жетілдіруде, тәртіп пен биік мақсаттарға ұмтылуда екенін айқын көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті полиция майорын кезекті жетістігімен құттықтап, қызметте де, спортта да жаңа жеңістер тілейді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі