Жас ұрпақтың болашағы: Өскемен қаласындағы мектепте жоғары сынып оқушыларына профилактикалық кездесу өтті

Жас ұрпақтың болашағы: Өскемен қаласындағы мектепте жоғары сынып оқушыларына профилактикалық кездесу өтті

Жас ұрпақтың болашағы: Өскемен қаласындағы мектепте жоғары сынып оқушыларына профилактикалық кездесу өтті

Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектепте 9–11 сынып оқушылары үшін қауіпсіздік мәселелері мен синтетикалық есірткілердің таралуының алдын алуға арналған кездесу ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері оқушыларға синтетикалық есірткілердің зияны туралы айтып, жастар арасында «спайс», «скорость», «мяу» атауларымен белгілі заттардың және дәрі-дәрмектерді мақсатсыз қолданудың қауіпті екенін түсіндірді.

Полицейлер мұндай заттардың адам ағзасына тигізетін ауыр зардаптарын, соның ішінде жүйке жүйесіне әсер етіп, ауыр психикалық ауытқуларға және басқа да ауыр салдарға әкелетінін атап өтті. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарату мен қолдануға қатысты құқықтық жауапкершілік мәселесі де қозғалды.

Үлбі полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Камила Салтанатова самокаттар, велосипедтер, мопедтер және электроскутерлерді қауіпсіз пайдалану ережелерін еске салып, жол жүрісі қағидаларын сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері, капитан Азамат Ақзамбеков жасөспірімдерге рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуге тыйым салынғанын және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді.

Кездесу соңында оқушыларды өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

 

Пресс-служба ДП ВКО