Қызмет тарихының сақшылары: ШҚО ПД-да Халықаралық мұражайлар күні аталып өтті

Қызмет тарихының сақшылары: ШҚО ПД-да Халықаралық мұражайлар күні аталып өтті

Қызмет тарихының сақшылары: ШҚО ПД-да Халықаралық мұражайлар күні аталып өтті

18 мамыр бүкіл әлемде тарихи мұраны, мәдени құндылықтарды сақтаудың және ұрпақтар сабақтастығының маңызын айқындайтын Халықаралық мұражайлар күні атап өтіледі. Мұражай – бірегей жәдігерлер сақталатын орын ғана емес, сонымен қатар тарих жаңғырып, қоғам игілігі үшін өмірін арнаған тұлғалар туралы тағылымды естеліктер сақталатын маңызы зор рухани кеңістік.

Өңірдің құқық қорғау жүйесінің тарихын сақтауда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мұражайы ерекше орын алады. Мұнда кеңестік милиция кезеңінен бастап қазіргі Қазақстан полициясына дейінгі ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін құнды материалдар ұқыптылықпен жинақталған.

Мұрағат құжаттары, фотосуреттер, қызметтік киім үлгілері, марапаттар мен естелік жәдігерлер арқылы қызмет жолын, оның қалыптасқан дәстүрлерін, жетістіктерін және кәсіби борышқа деген адалдығын айқын көруге болады.

Бүгінде ШҚО ПД мұражайы жас қызметкерлер мен өскелең ұрпақты патриоттық әрі адамгершілік рухта тәрбиелеудің алаңына айналған. Оның қызметі тарихи естеліктерді сақтауға, полиция мамандығына деген құрметті нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға бағытталған.

Кәсіби мереке аясында мұражай меңгерушісі Бақытгүл Қалиева ішкі істер органдарының тарихын сақтауға қосқан елеулі үлесі, көп жылғы адал еңбегі және жастарды патриоттық тәрбиелеудегі белсенді жұмысы үшін грамотамен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Іс-шараға полиция қызметкерлері мен Өскемен қаласындағы №30 орта мектептің «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілері қатысты.

Оқушылар үшін бұл кездесу қызмет тарихымен жақынырақ танысып, ішкі істер органдары қызметінің ерлікке толы беттеріне үңілуге және заң мен тәртіп күзетінде тұрған жандардың еңбегін құрметтеудің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі