
17-25 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру.
Осы кезеңде ШҚО ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын күшейтілген бақылауға алып, әсіресе жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, мас күйінде көлік басқару және жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу деректеріне ерекше назар аударады.
Облыс тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі