
Тарихқа саяхат: «Нұр-Орда» мектебінің оқушылары ШҚО полициясының мұражайына барды
Халықаралық мұражай күні қарсаңында «Нұр-Орда» мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары экскурсиямен Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің тарихи мұражайына барды.
Жас қонақтар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылып, олар мұражайдағы бірегей жәдігерлермен танысып, өңірдегі ішкі істер органдарының қалыптасуы мен даму тарихынан сыр шертетін құнды деректер білді.
Оқушылар шығысқазақстандық тәртіп сақшыларының жүріп өткен күрделі де жауапты жолы, олардың сынаққа толы қызметі, ерлігі мен Отан алдындағы адалдығы туралы мол мағлұмат алды.
Мұражайға саяхат балаларға тарихпен жақынырақ танысып, полиция мамандығының маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ бұл тағылымды кездесу өскелең ұрпаққа тарихи естеліктерді сақтаудың рухани-адамгершілік тәрбиедегі ерекше маңызын ұғындырды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі