ШҚО полицейлері республикалық чемпионатқа дайындалуда

ШҚО полицейлері республикалық чемпионатқа дайындалуда

ШҚО полицейлері республикалық чемпионатқа дайындалуда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің іріктеуінен өткен Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласында өтетін чемпионатқа қызу дайындық жүргізуде.

Спортшылар жарысқа 8 салмақ дәрежесі бойынша қатысып, облыс намысын қорғайды. Қазіргі таңда олар жаттығу жұмыстарын күшейтіп, алдағы додаға тыңғылықты әзірленуде.

Команда өз дайындық деңгейіне сенімді және алдағы чемпионатта жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіске жетуге толық мүмкіндігі бар.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі