
«Әсерлі видеоның соңы жазаға ұласты»: Өскемен полицейлері жол жүрісі қағидаларын бұзғандарды анықтады
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Өскемен қаласының полиция қызметкерлері жолда жүріп бара жатқан «Lada» автокөлігінің жолаушысы терезеден аяғын шығарып, өзіне және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген бейнежазбаны анықтады.
Тексеру іс-шараларының нәтижесінде жүргізуші мен жолаушының жеке тұлғалары анықталды. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды: жүргізуші — жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамағаны үшін, ал жолаушы — көлік қозғалысы кезінде кабинадан (салоннан) тыс жерде болғаны үшін.
Оқиғаға қатысушылармен жол жүрісі қағидаларын бұзудың және жолда қауіпті әрекеттерге жол берілмейтіні туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция әсерлі кадр немесе көңіл көтеру мақсатындағы әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ айналадағы азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс екенін ескертеді. Жол жүрісі қағидаларын сақтау — әрбір азаматтың міндеті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі