
Ұрпақтар сабақтастығы және құрмет белгісі
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагері Нұғыманов Қуанғали Шұлғаубайұлын арнайы барып құттықтады.
Қуанғали Шұлғаубайұлы – қызметтің тірі аңызы. Ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Қызмет жылдарында көптеген мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталып, бірнеше буын полицейлеріне ерлік пен кәсібиліктің үлгісі болды.
Қазіргі қызметкерлер үшін мұндай кездесулер – мол тәжірибені тікелей ардагердің өзінен үйренудің баға жетпес мүмкіндігі. Дастархан басындағы жылы жүздесуде ардагер қызметтік жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, жас офицерлерге әрдайым антқа адал болып, елге адал қызмет етуді тіледі.
ШҚО ДП баспасөз қызметі