Ер есімі — ел есінде

Ер есімі — ел есінде

Ер есімі — ел есінде

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің алаңында ерекше тыныштық орнады — бұл тағзым мен құрметтің, сағыныш пен мұңның тыныштығы еді. Мұнда қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткіш алдында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Жиналғандар халыққа қызмет етуді, заңды қорғауды және өз антына соңына дейін адал болуды таңдаған ерлерді еске алды. Олардың есімдері Қазақстан полициясының тарихында мәңгілікке жазылып, әріптестерінің, жақындары мен қызмет ардагерлерінің жүрегінде сақталады.

Митингті аша отырып, ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков жеке құрам мен қонақтарға арнап сөз сөйледі:

«Батырларымыздың ерлігі — батылдықтың, намыс пен Отанға деген шексіз берілгендіктің жарқын үлгісі. Біз олардың отбасыларымен бірге қайғыға ортақпыз және өз борышына соңына дейін адал болған жандарды әрдайым есте сақтаймыз».

Іс-шараға ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуы маңызды болды. Олар үшін қаза тапқан жолдастарын еске алу — өз өмірі мен қызмет жолының бір бөлшегі. Естеліктерге толы қарттардың жүздері ұрпақтар сабақтастығы мен офицерлік бауырластыққа адалдықтың символына айналды.

ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев мұндай кездесулер батырлар есімін болашақ ұрпаққа жеткізуге көмектесетінін атап өтті:

«Біз бұл іс-шараны қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестерімізді еске алу үшін өткізіп жатырмыз. Осы еске алу күнін ұйымдастырғаны үшін Департамент басшылығына алғыс айтамыз. Мемориалдық тақтада еліне соңғы демі қалғанша дейін қызмет етіп, жүрек қалауына адал болған 69 қызметкердің есімі жазылған».

Рәсім соңында барлық қатысушылар мемориалға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Сол сәтте артық сөздің қажеті болмады — бәрін де орнаған тыныштық, иілген бастар мен ескерткіш түбіндегі қызыл қалампырлар айтып тұрғандай еді.

Батырлардың есімі — ел есінде.
Адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жанын қиған қызметкерлерге мәңгілік даңқ пен мәңгілік тағзым!


                                                                                                                                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі