Шығыс Қазақстан облысында Отан қорғаушылар күніне арналған еске алу рәсімі өтті

Шығыс Қазақстан облысында Отан қорғаушылар күніне арналған еске алу рәсімі өтті

Шығыс Қазақстан облысында Отан қорғаушылар күніне арналған еске алу рәсімі өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде Өскемен қаласында Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, әскери қызметшілер, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының мүшелері мен қала жастары қатысты.

Жиналғандар өз өмірін Отанға қызмет етуге, ел тәуелсіздігін, азаматтардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғауға арнаған батырлардың рухына тағзым етті.

Өңір басшысы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде бұл мерекенің маңыздылығына тоқталып, Отан қорғаушыларға құрмет көрсету және олардың ерлігін жадыда сақтау өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Өз кезегінде құқық қорғау органдарының өкілдері қазіргі қызметкерлер мен әскери қызметшілер буыны алдыңғы толқынның игі дәстүрлерін лайықты жалғастырып, қызметтік борышын адал атқарып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін нығайтып келе жатқанын жеткізді.

Шара гүл шоқтарын қою рәсімімен және Отан үшін жан қиған батырларды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен аяқталды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі