ШҚО-да «Техникалық жағдай» профилактикалық іс-шарасы өтуде

ШҚО-да «Техникалық жағдай» профилактикалық іс-шарасы өтуде

ШҚО-да «Техникалық жағдай» профилактикалық іс-шарасы өтуде

4-6 мамыр аралығында облыс жолдарында «Техникалық жағдай» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Әкімшілік полиция басқармасы көлік терезелерін заңсыз қараңғылауды, жол саңылауын өзгертуді, стандартқа сай емес BI-LED шамдары мен жарықтандыру құралдарын орнатуды, сондай-ақ қайта жабдықталған пайдаланылған газ шығару жүйелерін тексереді.

Маңызды: Зауыттық жүк салғыштар мен фаркоптарды орнату қайта жабдықтау болып саналмайды. Сондай-ақ арнайы техникаларға, балалар автобустарына, қауіпті жүктерді немесе веложарыстарды сүйемелдеу кезінде қызғылт сары түсті арнайы сигналдарды қолдануға рұқсат етіледі.

Жыл басынан бері көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 300-ден астам жүргізуші жауапкершілікке тартылып, 250 автокөлікті пайдалануға тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жолға шықпас бұрын көлік құралдарын стандарттарға сәйкес келтіруге шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі