
Аса маңызды 30 минут: ШҚО-да полицейлер жоғалған 6 жастағы қызды тапты
2 мамыр күні Шемонаиха ауданы полициясына азаматша 6 жастағы қызының үйден байқатпай шығып кетіп, жоғалып кеткенін хабарлаған.
Хабарламаны учаскелік полиция инспекторы, капитан Қанат Қайырлы және ювеналдық полиция инспекторы, аға лейтенант Қуат Бөкенов дереу қабылдады. Қысқа мерзімде іздестіру шаралары ұйымдастырылды.
Полицейлердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының арқасында 30 минут ішінде баланың жүрген жері анықталды. Қыз бала үй маңындағы саябақтан табылып, аман-есен ата-анасына қайтарылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге, олардың қайда жүргенін бақылауда ұстауға және осындай жағдайлар туындаған жағдайда дереу полицияға жүгінуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі