Шығыстың цифрлық қалқаны: полиция, прокуратура және Tele2/Altel киберқылмысқа қарсы күштерін біріктірді

Шығыстың цифрлық қалқаны: полиция, прокуратура және Tele2/Altel киберқылмысқа қарсы күштерін біріктірді

Шығыстың цифрлық қалқаны: полиция, прокуратура және Tele2/Altel киберқылмысқа қарсы күштерін біріктірді

Шығыс Қазақстан облысында цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында маңызды қадам жасалды. Облыс Прокуратурасы, Полиция департаменті және «Tele2/Altel» мобильді операторы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойып, әріптестік қарым-қатынасты ресми түрде бекітті.

Мемлекет пен бизнестің ортақ мақсатқа жұмылуын айқындайтын құжатқа ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов, облыс прокурорының бірінші орынбасары Ерлан Бұланбаев және «Tele2/Altel» СЕО-сы Александр Бабичев қол қойды.

Кездесу барысында киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар цифрлық алаяқтық әрекеттердің жолын барынша жедел кесуге мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл алгоритмдерін егжей-тегжейлі талқылады.

Полиция, қадағалау органы және жеке сектордың тікелей байланыс орнатуы заманауи технологиялық сын-қатерлерге қарсы әрекет етудің тиімді жүйесін қалыптастырады. Мұндай «цифрлық қалқанның» құрылуы Шығыс Қазақстан тұрғындарының виртуалды кеңістіктегі қорғаныс деңгейін арттыруға бағытталған.


                                                                                                                                                                                                              ШҚО ПД баспасөз қызметі