Алтай ауданының полициясы ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісінің жолын кесті

Алтай ауданының полициясы ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісінің жолын кесті

Алтай ауданының полициясы ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісінің жолын кесті

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары сыртқы бақылау камералары арқылы әкімшілік құқықбұзушылық фактісін анықтады. Қала көшелерінің бірінде жергілікті тұрғын абаттандыру қағидаларын елемей, қоғамдық орында темекі тұқылын жерге тастап, белгіленген тазалық пен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзған.

Темекі тұқылы болмашы қоқыс болып көрінгенімен, мұндай әрекеттер ортақ пайдаланылатын орындарды ластау ретінде бағаланып, абаттандыру қағидаларын өрескел бұзу болып саналады. Жерге тасталған темекі тұқылдары көшелердің сыртқы келбетін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға зиян келтіреді, сондай-ақ өрт шығу қаупін тудырады.

Құқық бұзушыға қатысты қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Айыппұл санкцияларымен қатар, оған тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады. Есіңізде болсын, жерге тасталған әрбір темекі тұқылы — заң бұзушылық, ал тазалықты сақтау — барлық тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз өмірдің кепілі.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі