Ашық диалог режимінде: ШҚО-да «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталды

Ашық диалог режимінде: ШҚО-да «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталды

Ашық диалог режимінде: ШҚО-да «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталды

Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының алғашқы күні басталды. Жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік және көші-қон полициясының қызметкерлері өңір тұрғындарына жедел режимде құқықтық көмек көрсетуде.

Акцияның алғашқы күнінің өзінде полицейлердің атына 110-нан астам өтініш түсті. Бүгінгі негізгі алаңдардың бірі Самар тас жолы, 23 мекенжайы бойынша орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты болды. Мұнда азаматтарды ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиков қабылдады. Ол келушілердің ішкі істер органдарының қызметіне қатысты сұрақтарын жеке қарап, олардың шешілуін ерекше бақылауына алды.

«Жолдағы қабылдау» аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерінің негізгі ережелерін көлік және әкімшілік заңнама нормаларын түсіндіруде.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алуға және жолдардағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Жүргізушілерге еңбек пен демалыс режимін қатаң сақтау қажеттілігі және рейсі алдындағы міндетті медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы ескертілді.

Акция жалғасуда. Мұндай ашық диалог форматы азаматтардың көкейкесті мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді, бұл қоғамда «Заң мен тәртіп»қағидатын нығайтуға және құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыруға септігін тигізеді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі