ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік анықталды

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік анықталды

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетелдік анықталды

ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері өңірдегі шетелдік азаматтардың тіркеу мекенжайлары мен болу қағидаларының сақталуын тексеру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Бұл ретте заңсыз еңбек қызметіне тарту фактілерінің жолын кесуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жыл басынан бері тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген 183 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды.

Кезекті заң бұзушылық фактісі жақында жүргізілген тексерулер барысында белгілі болды. Тәртіп сақшылары облыс орталығындағы құрылыс нысандарының бірінен уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек етіп жүрген көршілес мемлекеттің 22 азаматын анықтады.

Құқық бұзушыларға қатысты қатаң әкімшілік шаралар қолданылды: шетелдіктерге 25 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 1-ден 3 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Көші-қон заңнамасын өрескел бұзғандарға қатысты сот шешімімен ел аумағынан шығару туралы қаулы қабылданды.

Заңсыз әрекетке жол берген жұмыс беруші де жауапсыз қалмады. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асыруына қатаң тыйым салынатынын ескертеді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азамат та, оны қабылдаушы тарап та заң алдында жауапты.


ШҚО ПД баспасөз қызметі