
Төрт сағатқа созылған қорқыныш: ШҚО-да полицейлер жоғалып кеткен бүлдіршінді тапты
Шығыс Қазақстан облысының мөлтек аудандарының бірінде әдеттегі күн бір отбасы үшін нағыз сынаққа айналды. 3 жасар қыз бала үйден байқатпай шығып кеткен. Бар-жоғы бірнеше минуттың ішінде бала ересектердің көз алдынан ғайып болған.
Басында ата-анасы өз беттерінше іздеген. Алайда әр минут шексіздікке созылғандай үсті-үстіне қорқыныш қоса түсті. Жарты сағаттық нәтижесіз іздеуден кейін олар «102» арнасына көмекке жүгінген.
Полицейлер дереу сигналды қабылдап, шұғыл іс-қимылға кірісті. Кешіктірмей жеке құрам жасақтары жұмылдырылып, аулаларды, көшелер мен шеткері аймақтарды жаппай тексеру басталды. Тәртіп сақшылары әрбір ықтимал бағытты тексеріп, тұрғындардан сұрастырды және жақын маңдағы аумақтарды — аулалардан бастап ашық жерлерге дейін мұқият қарап шықты.
Іздеу жұмыстары шамамен төрт жарым сағатқа созылды. Ақырында бала табылды. Бүлдіршінді үйінен 4 шақырым жердегі көлдің маңынан ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Медет Жансейітов тауып алды.
Абырой болғанда бәрі сәтті аяқталды — кішкентай қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ол басынан үлкен сынақ өткерген ата-анасына аман-есен тапсырылды.
Қыздың анасы толқынысын жасыра алмады: созылған уақыт ол үшін ең ауыр сәттер болғанын айтты. Ол полицейлерге жеделдігі мен қырағылығы үшін шын жүректен алғыс білдірді.
Бұл оқиға — әрбір ата-анаға балаларға үнемі назар аудару қажеттігін тағы да еске салады. Кейде қас қағым сәттің өзі жағдай бақылаудан шығып кетуіне жеткілікті.
Егер бала жоғалып кетсе — бір минут та жоғалтпай, бірден полицияға хабарласыңыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі