Шығыс Қазақстанда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталады

Шығыс Қазақстанда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталады

Шығыс Қазақстанда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталады

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полицияға деген сенім деңгейін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 24-25 сәуір күндері облыс аумағында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтеді.

Іс-шара аясында облыс тұрғындары мен қонақтары ішкі істер органдарының қызметіне қатысты көкейкесті сауалдарын бейінді қызмет басшылары мен мамандарына тікелей қоя алады.

Кеңес берудің негізгі бағыттары:

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖҚЕ сақтау;
  • Көші-қон заңнамасын түсіндіру;
  • Полиция органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту.

Акция сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжай бойынша өтеді: Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 23 (Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 мамандандырылған бөлімі — Мамандандырылған ХҚКО).
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарды ашық диалогқа қатысуға шақырады. Сіздің сұрағыңыз жауапсыз қалмайды!


ШҚО ПД баспасөз қызметі