ШҚО полицейлері құжатсыз тасымалданған ірі көлемдегі ет өнімдерін анықтады

ШҚО полицейлері құжатсыз тасымалданған ірі көлемдегі ет өнімдерін анықтады

ШҚО полицейлері құжатсыз тасымалданған ірі көлемдегі ет өнімдерін анықтады

Шығыс Қазақстан облысының аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған «Барьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Ұлан ауданының тасжолдарында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер уәкілетті органдармен бірлесіп, мал шаруашылығы жүктерінің қозғалысына бақылауды күшейтті. Тексеру нәтижесінде ветеринариялық-санитарлық қағидаларды бұзудың 9 фактісі анықталды.

Атап айтқанда, тәртіп сақшылары 6 ірі қара мал тушасы мен 3 бас қойды заңсыз тасымалдаудың жолын кесті. Жүргізушілер өнімдер мен тірі малды олардың шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тиісті ілеспе құжаттарсыз тасымалдаған.

Анықталған барлық жағдай бойынша материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ет өнімдерін бақылаусыз тасымалдау халық үшін тікелей санитарлық қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы жұмыстар ерекше бақылауда және жедел-профилактикалық іс-шара аясында жалғаса береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі