Электрлі велосипед — енді жай велосипед емес!

Электрлі велосипед — енді жай велосипед емес!

Электрлі велосипед — енді жай велосипед емес!

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлайды: 2025 жылғы 5 сәуірден бастап «Жол жүрісі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді мопедтер мен мотовелосипедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестірілді.

  Бұл мопед иелері мен курьерлер үшін нені білдіреді?
Егер көлігіңіздің электр қозғалтқышы (4 кВт-қа дейін) болса және жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспаса, сіз мыналарға міндеттісіз:
1. Көлікті Мамандандырылған ХҚКО-да тіркеуге;
2. Мемлекеттік нөмір мен техпаспорт алуға;
3. «А1» санатындағы жүргізуші куәлігіне ие болуға (егер сізде «А» немесе «В» санаттары болса — қосымша оқу талап етілмейді).

  Тіркеуді қайдан өткізуге болады?
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін тіркеу процедурасы келесі Мамандандырылған ХҚКО-ларда қолжетімді:

  • Өскемен қаласы (Самар тас жолы, 23/1).
  • Риддер, Шемонаиха, Зайсан қалалары мен Алтай ауданы.

Өзіңізбен бірге:жеке куәлік және құрылғының техникалық паспорты болуы қажет.

  Мемлекеттік алымдар:

  • Тіркеу — 1 081 ₸
  • Техпаспорт — 5 406 ₸
  • Мемлекеттік нөмір — 5 406 ₸

Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік:

  • 10 АЕК айыппұл — тіркелмеген көлікті басқарғаны үшін.
  • 20 АЕК айыппұл — «А1» санатысыз басқарғаны үшін.

Жол ережесін қатаң сақтап, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қараңыздар!

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі