«Мен сондай бақыттымын!»: баланың шынайы қуанышы ШҚО полицейлері жұмысына берілген басты баға болды

«Мен сондай бақыттымын!»: баланың шынайы қуанышы ШҚО полицейлері жұмысына берілген басты баға болды

«Мен сондай бақыттымын!»: баланың шынайы қуанышы ШҚО полицейлері жұмысына берілген басты баға болды

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі ауа райының қолайсыздығы мен жолдардың уақытша жабылуына байланысты жүздеген жүргізуші жол ашылуын күтуге мәжбүр болды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өңірдің негізгі бағыттары бойынша көліктерді сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Көлік қозғалысы нақты әрі үйлесімді реттелді. «Өскемен – Риддер» тас жолында №155 экипажы 150 автокөліктен тұратын тізбекті бастап шықты. «Өскемен – Семей» бағытында полицейлер 38 көлікті сүйемелдесе, «Өскемен – Алматы» автожолында №445 экипаж 43 көліктің, оның ішінде 19 ауыр жүк көлігінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті.

Осы уақыттағы ең әсерлі сәт — кішкентай жолаушының көрсеткен реакциясы болды. Алда арнайы жарық сигналдары қосулы тұрған, жол ашып бара жатқан патрульдік көлікті көрген балақай қуанышын жасыра алмай:

«Мен сондай бақыттымын! Өте қуаныштымын!»— деп ағынан жарылды.

Баласының мәз болғанын көрген әкесі тәртіп сақшыларына ризашылығын білдіріп: «Балалар бақытты болса — ең маңыздысы сол. Көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен көмектеріңіз үшін рахмет», — деп атап өтті.

Мұндай шынайы алғыс — күнделікті қызметтің ең жоғары бағасы. Патрульдік полицияның кәсіби іс-қимылының артында әрқашан басты мақсат — адам қауіпсіздігі мен қиын сәтте көмектің дер кезінде келетініне деген нық сенім тұр.

Полиция департаменті азаматтарды жолдардағы уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, полиция қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ жол жүруді жоспарлау кезінде метеорологиялық жағдайларды ескеруге шақырады.



ШҚО ПД баспасөз қыметі