
Өңірде интернет-алаяқтықтың саны азайды: киберполиция жұмысының қорытындысы
Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы киберқылмыспен күрес нәтижелеріне арналған брифинг өтті. Баяндамамен Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Бекжан Малғаждаров және басқарманың аға жедел уәкілі, полиция капитаны Нұрай Арыстанбек сөз сөйледі.
Негізгі қорытындылар:
Қылмыс деңгейінің төмендеуі: Облыс аумағында 296 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген — бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аз.
Ашылу көрсеткіші: 28 қылмыстық іс аяқталды. Жалпы облыс бойынша оң динамика байқалады — киберқылмыстардың, оның ішінде ауыр санаттағы қылмыстардың ашылу деңгейі едәуір жақсарған.
Наурыз айында Ақтөбе облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс сәтті аяқталды. Ол «WhatsApp» мессенджеріндегі бөгде аккаунттарды бұзып кірген. Күдікті 35 адамға қатысты алаяқтық жасағаны, 10 азаматтың ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізгені, 7 азаматқа қатысты ұсақ жымқыру фактілері және банктік шоттардан ақша ұрлағаны үшін әшкереленді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыс аумағында 2 «активатор» ұсталды. Сонымен қатар, «Anti-Fraud» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер бұрын жасалған 12 қылмысты ашып, 2 жаңа құқықбұзушылықтың жолын кесті.
Киберқылмысқа қарсы күрестің негізгі бағыты — профилактика. ІІМ-нің бейіндік бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілді:
150-ге жуық тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, полицейлер 12 мыңнан астам пәтер және 6,5 мың жеке тұрғын үйлер араланды;
БАҚ-та 500-ден астам материал жарияланды;
Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында «Кибернадзор» жүйесіне заңға қайшы контенті бар шамамен 1800 сілтеме жолданып, оларды бұғаттау шаралары қабылданды;
Полицейлер ірі бұқаралық іс-шараларда (Қазақстан Республикасы Кубогы бойынша хоккей турнирі, «Steppe Boxing» турнирі, кәсіпкерлердің республикалық форумы және т.б.) тұрғындарды белсенді түрде ақпараттандырды.
Брифинг соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап беріп, тұрғындарды цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Полицейлер «банк қызметкерлері» немесе «құқық қорғау органдарының өкілдері» атынан келіп түсетін күмәнді қоңырауларға сенбеуге, белгісіз сілтемелерге өтпеуге және ешбір жағдайда жеке деректеріңізді бөтен адамдарға бермеуді ескертеді.
Өңірде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары ерекше бақылауда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі