
Сенімді серіктестер: ШҚО полициясының кинологтары қызметтік иттермен қарқынды дайындық курсынан өтті
Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының базасында алты күндік оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Оған Өскемен, Риддер қалаларынан, сондай-ақ Алтай, Зайсан, Күршім, Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарынан жаңа кинолог-мамандар өздерінің төрт аяқты серіктестерімен қатысты.
Полицейлер мен олардың серіктері бір-бірін жақсы түсінуі үшін жаттығулар нақты қызмет барысына барынша жақындатылған жағдайда өтті.
Оқу барысында мынадай бағыттарға ерекше назар аударылды:
Мұндай жиындардың басты міндеті – іс-қимылдардың мінсіз үйлесімділігіне қол жеткізу және жас қызметкерлерді қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындау.
Қарқынды практикалық сабақтар кинологиялық қызметтің кез келген қиын тапсырмаларды орындауға дайын екенін көрсетті!
ШҚО ПД баспасөз қызметі