
«Esbol Qory» қорының ШҚО-ға сапарының қорытындысы: Есірткі қылмысына қарсы бірлескен жұмыс
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті «Esbol Qory» республикалық қорымен бірлесіп, «Есірткісіз Qazaqstan» жобасы аясында профилактикалық іс-шаралардың үш күндік марафонын аяқтады.
Облыс орталығы нашақорлықпен күрестің жаңа әдістерін әзірлеу алаңына айналды. Полицейлер, қоғам белсенділері мен жастар көшбасшылары өскелең ұрпақты қорғаудың тиімді жүйесін құру үшін күш біріктірді.
Үш күн ішінде атқарылған жұмыстар:
• Байланыстарды нығайту: Полиция департаментінің ғимаратында өңірлік кеңестің отырысы өтіп, онда қор сарапшылары мен полиция басшылығы ағымдағы жылға арналған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын айқындады.
• Жоғары оқу орындарымен жұмыс: Өңірдің жоғары оқу орындары мен «ESBOL QORY» қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, бұл студенттермен науқандық емес, жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді.
• Жастармен диалог: Студенттермен кездесулер және Meet Up форматындағы стратегиялық сессия өткізілді. Жастар тек зардаптар туралы ғана емес, сонымен қатар заңсыз айналымға тартылуға қалай қарсы тұру керектігін білуі үшін біз іш пыстыратын дәрістерден тікелей диалогқа көшіп жатырмыз.
Жұмыс қорытындысын түсіндіре келе, «Esbol Qory» қорының төрағасы және ҚР ІІМ жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Жандос Ақтаев былай деп атап өтті:
«Біздің негізгі мақсатымыз — жай ғана ақпараттандыру емес, жастардың бойында есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру. Шығыс Қазақстандағы осы күндер ішінде біз құқық қорғау органдары тарапынан да, оқу орындары тарапынан да ынтымақтастыққа деген жоғары дайындықты көрдік. Қол қойылған меморандумдар — бұл жергілікті жерлердегі нақты, күнделікті жұмыстың іргетасы».
Марафоннвң басты нәтижесі — күш-жігерді жұмылдыру болды. ШҚО полициясы мен «Esbol Qory» қоры әлеуметтік бастамаларды енгізу үшін ортақ платформа құрды. Бүгінгі таңда облыста құқықтық тәртіпті нығайтуға және тәуелділікпен күресуге бағытталған 25 жоба іске қосылды.
Есірткі қылмысымен күрес — бұл тек азаматартды қылмыс үшін ұстау ғана емес, сонымен қатар сапалы профилактика. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ШҚО ПД-ның ерекше бақылауында.
ШҚО ПД баспасөз қызметі