ШҚО-да полиция бопсалаумен айналысқан күдіктіні ұстады

ШҚО-да полиция бопсалаумен айналысқан күдіктіні ұстады

ШҚО-да полиция бопсалаумен айналысқан күдіктіні ұстады

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының аумағында 14 бопсалау дерегі тіркелген, оның 9-ы ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен анықталған.

Облыс орталығында кезекті қылмыстың жолы кесілді. 26 жастағы ер адам танысынан «заңмен туындаған мәселелерін шешуге көмектесемін» деген сылтаумен 200 000 теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Жәбірленуші талап етілген соманы уақытылы бере алмаған соң, қаскөй бұл соманы 400 000 теңгеге дейін арттырып, қоқан-лоққы көрсету арқылы қысым жасауды жалғастырған.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін, қылмыс фактісі құжатталып, ақшаның бір бөлігін беру барысында бақылау ұйымдастырылды.

Күдікті ақшаны алу кезінде ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен ұсталды.

Ұсталған азаматтың көлігі мен пәтерін жедел тінту барысында ақшалай қаражат және суық қару санатына жататын кастет тәркіленді.

Ер адамға қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Бопсалау әрекеті әрдайым қоқан-лоққы мен қысымнан басталады. Мұндай жағдайда жалғыз қалмаңыз — полицияға дер кезінде жүгіну қылмыстың жолын кесуге және кінәлілерді жауапқа тартуға көмектеседі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі