
ШҚО-ДА «НЕРЕСТ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлайды:
16 сәуірі мен 30 мамыры аралығында өңір аумағында республикалық «НЕРЕСТ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ:
РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР:
Табиғатты қорғау полициясы балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, облыс айдындарында тұрақты рейдтер жүргізеді. Су айдындарында ғана емес, тас жолдар мен базарларда да тексеру жұмыстары күшейтіледі.
МАҢЫЗДЫ:
ШҚО Полиция департаменті балық аулау ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Заңнаманы бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі