
ШҚО-да қару айналымы саласындағы ондаған құқықбұзушылықтың жолы кесілді
Шығыс Қазақстан облысының аумағында 10-14 сәуір аралығында атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және ашуға бағытталған «ҚАРУ» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында азаматтық қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша қару сақтау шарттарына тексеру жүргізілді. Барлығы 300-ден астам қару иесі тексерілді.
Жедел профилактикалық іс-шара нәтижесінде 25 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде:
Сонымен қатар, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 4 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 адамға қатысты қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Заңсыз айналымнан 6 атыс қаруы тәркіленді.
Полиция департаменті қаруды сақтау, тіркеу және алып жүру ережелерін қатаң сақтау міндетті екенін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын ескертеді. Белгіленген талаптарды бұзу заңмен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.
Шығыс Қазақстан облысында қару айналымы саласындағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі