ШҚО ПД-да жазғы киім нысанына көшуге байланысты гарнизондық жиын өтті

ШҚО ПД-да жазғы киім нысанына көшуге байланысты гарнизондық жиын өтті

ШҚО ПД-да жазғы киім нысанына көшуге байланысты гарнизондық жиын өтті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің алаңында жеке құрамның саптық жиыны ұйымдастырылды. Шара қызметкерлердің жазғы киім үлгісіне ресми түрде ауысуына арналды.

Департамент плацында облыстық полиция бөліністері толық құрамда жиналды. Белгіленген талаптарға сай келетін жазғы киім нысаны жеке құрамның кәсіби айбынын көрсетіп, бірыңғай қызметтік келбетін айқындады.

Гарнизондық жиынды ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руфат Қажымқанов өткізді. Ол қызметкерлердің сырт келбетін, қызметтік куәліктері мен жетондарының болуын, сондай-ақ айырым нышандары мен төсбелгілерінің дұрыс орналасуын жеке тексеріп шықты. Әр қызметкердің ішкі тәртібі мен киім ұқыптылығына ерекше назар аударылды.

— Жазғы киім нысанына көшу — бұл жай ғана маусымдық шара емес. Бұл — қызметке деген адалдық пен жауапкершіліктің көрінісі. Полиция қызметкерінің мінсіз келбеті азаматтардың сенімін нығайтып, ішкі істер органдарының оң имиджін қалыптастырады, — деді Руфат Қажымқанов.

Жиын барысында жеке құрамның көктем-жаз кезеңінде қызмет атқаруға толық дайындығы пысықталды. Бұл шара тәртіп сақшыларының қызметті ұйымдастырудағы жоғары деңгейі мен қызметкерлердің саптық тәртібін тағы бір мәрте растады.



ШҚО ПД баспсөз қызметі