Профилактика және бақылау: ШҚО-да жол қауіпсіздігін арттыру жұмыстары жалғасуда

Профилактика және бақылау: ШҚО-да жол қауіпсіздігін арттыру жұмыстары жалғасуда

Профилактика және бақылау: ШҚО-да жол қауіпсіздігін арттыру жұмыстары жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысында әкімшілік полиция бөлімшелері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде.

Өткен тәулікте өңір жолдарында 477 жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталды. Шара барысында түсіндіру жұмыстарына және құқықбұзушылықтарға жол бермеуге баса назар аударылуда.

Ең көп таралған құқықбұзушылықтар:

  • Апаттық жағдай туғызу — 112 дерек;
  • Рөлде телефон пайдалану — 54 дерек;
  • Қауіпсіздік белдігін тақпау — 58 дерек;
  • Жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған бұзушылықтар — 79 дерек.

Бұдан бөлек, маневр жасау қағидаларын бұзу, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу және бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету жағдайлары тіркелді. Көлік құралдарының техникалық жай-күйіне де ерекше көңіл бөлінуде.

Полиция жол жүрісі қағидаларын сақтау — әрбір қатысушының жеке жауапкершілігі және ортақ қауіпсіздіктің кепілі екенін еске салады.

Жолдардағы профилактикалық жұмыстар мен бақылау шаралары жалғасып жатыр.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі