Татамидегі шеберлік: ШҚО ПД-да дзюдодан чемпионат өтті

Татамидегі шеберлік: ШҚО ПД-да дзюдодан чемпионат өтті

Татамидегі шеберлік: ШҚО ПД-да дзюдодан чемпионат өтті

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде дзюдодан чемпионат өтті. Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ұйымдастырған бұл спорттық іс-шара шеберлік пен төзімділіктің, сондай-ақ жеңіске деген ерік-жігердің нағыз сынағына айналды.

Полиция қызметкері үшін дзюдо — жай ғана спорт емес, маңызды кәсіби дағды. Төтенше жағдайда тез шешім қабылдау, тәсілдерді тиімді қолдану және кез келген жағдайда ұстамдылық таныту — бұл тәртіп сақшыларына қызметтік борышын өтеу кезінде қажетті қасиеттер.

Чемпионатқа өңірдегі полиция бөлімшелері мен аудандық полиция бөлімдерінен келген 30 мықты спортшы қатысты. Жарыс алты салмақ дәрежесінде өтіп, әрбір белдесу барынша жинақылық пен қажырлы қайратты талап етті. Тартысты өткен боз кілемдегі кездесулердің қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды:

66 кг — Ерсұлтан Зарлыханов (Риддер қ. ПБ)
73 кг — Ердаулет Амангелді (ШҚО ПД ЖҚАЖ)
81 кг — Арғын Ынтымақ (ШҚО ПД ЖҚАЖ)
90 кг — Дархан Мырзақанов (ШҚО ПД)
100 кг — Еркебұлан Омаров (ШҚО ПД ЖҚАЖ)
100 кг-нан жоғары — Артем Шапошников (ШҚО ПД ЖҚАЖ)

Күміс және қола жүлдегерлер де жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Бұл чемпионат жай ғана спорттық оқиға емес, қызметкерлердің жеке жетістіктерінен бөлек, кез келген қызметтік қиындықтарға дайын тұрғандарының дәлеліне айналды.

Мұндай турнирлер ішкі істер органдарында спорттың дамуына оң ықпал етіп, Шығыс Қазақстан полицейлерінің тамаша физикалық дайындығы мен жауынгерлік рухын паш етеді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі