Барлығын өзгертетін таңдау: ШҚО Полиция департаменті профилактиканы өнер арқылы ұсынды

Барлығын өзгертетін таңдау: ШҚО Полиция департаменті профилактиканы өнер арқылы ұсынды

Барлығын өзгертетін таңдау: ШҚО Полиция департаменті профилактиканы өнер арқылы ұсынды

Дәл бір жыл бұрын, сәуір айында, «Таңдау» атты өзекті әлеуметтік спектакльдің премьерасы өтіп, ол бірден көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, жастар арасындағы профилактикалық жұмыстың тиімді құралына айналды.

Педагогтар мен ата-аналардың көпшілік сұранысына байланысты ШҚО Полиция департаменті аталмыш спектакльдің көрсетілімін қайта жандандырды.

Бүгін ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен және «SAMGA» даму орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Жантай Тұрысбековтың қойылымын 600-ден астам көрермен тамашалады.

Залда мектеп оқушылары, колледж студенттері мен өңір педагогтері жиналды. Ұйымдастырушылар әлеуметтік қолдауға ерекше мән берді: көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер үшін спектакльді көру тегін болды.

«Жасырылған есірткі заты» және жеңіл табысқа ұмтылу тақырыбын ашық көрсету арқылы қойылым жасөспірімдерге қателіктің нақты құнын және қылмыстық әлемнің ащы шындығын айқын жеткізді. Жас актерлердің шынайы ойыны көрермендердің жүрегіне жетіп, дәстүрлі профилактикалық дәрісті заң бұзудың салдары туралы ашық әрі терең диалогқа айналдырды.

Өнер арқылы ұсынылған мұндай профилактика форматы тағы да өзінің тиімділігін дәлелдеді — қойылым аяқталғаннан кейін көрермендер ұзақ уақыт бойы өз әсерлерімен бөлісті.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында атап өткендей, жастардың қызығушылығы мен сұранысы артуына байланысты, алдағы уақытта да спектакль көрсетілімдері жалғасатын болады.


ШҚО ПД баспасөз қызметі