Өрмекші-адам есірткі жарнамасына қарсы: Өскеменде «Stop Narco Graffiti» акциясы өтті

Өрмекші-адам есірткі жарнамасына қарсы: Өскеменде «Stop Narco Graffiti» акциясы өтті

  Өрмекші-адам есірткі жарнамасына қарсы: Өскеменде «Stop Narco Graffiti» акциясы өтті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы еріктілермен және «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесіп «Stop Narco Graffiti» рейдтік іс-шарасын өткізді.

Шара барысында қатысушылар тұрғын үйлердің қабырғалары мен қалалық инфрақұрылым нысандарындағы есірткі заттарының жарнамасы бар заңсыз граффити-жазуларды анықтап, олардың көзін жойды.

Бұл іс -шарада жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және өңір қауіпсіздігі үшін қоғамдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Акцияның ерекшелігі шығармашылық тәсілде болды: еріктілердің бірі іс-шараға «Өрмекші-адам» бейнесінде қатысып, бұл өтіп бара жатқан тұрғындар мен жастардың назарын аударып, профилактикалық жұмысқа деген қызығушылықты арттырды.

Полиция департаменті есірткі жарнамасын анықтау және жою жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Есірткі қылмысымен күресу — өскелең ұрпақтың қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуге бағытталған құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғамның ортақ міндеті. 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі