
ШҚО полицейлері студенттерге киберқылмыстан қорғану алгоритмдерін үйретті
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың № 1 жатақханасында тұратын студенттер үшін профилактикалық дәріс өткізді.
Кездесу «Студент киберқылмысқа тап болғанда не істеуі керек: қайда жүгінуге болады және заң бұзушылық фактісін қалай тіркеуге болады» атты өзекті тақырыпқа арналды.
Шараның негізгі мақсаты — жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернетте қорғанудың практикалық дағдыларын үйрету.
Әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері желіде оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда қолданылатын іс-қимыл алгоритмдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, бұл тәртіп сақшылары мен студенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Диалог алаңы жастардың талқылауға белсенді қатысуына жағдай жасады: олар киберқауіпсіздіктің практикалық аспектілері туралы сұрақтар қойып, толық жауап алды.
Кездесу соңында полицейлер интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстар беріп, студенттерді қырағы болуға, күмәнді ұсыныстарға ермеуге және әрқашан тек заң аясында әрекет етуге шақырды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі