«Көмек сұраудан» бопсалауға дейін: ШҚО полицейлері қылмыстық әрекеттің жолын кесті

«Көмек сұраудан» бопсалауға дейін: ШҚО полицейлері қылмыстық әрекеттің жолын кесті

«Көмек сұраудан» бопсалауға дейін: ШҚО полицейлері қылмыстық әрекеттің жолын кесті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Үлкен Нарын ауданында «жай ғана көмек сұрау» ретінде басталған қылмыстың жолын кесті.

Ақпан айының соңында 25 жастағы екі азамат танысының жұмыс орнына келіп, «қаржылай қолдау қажет» деген сылтаумен оны 30 мың теңге беруге көндірген. Алайда көп ұзамай олардың бірі тағы 170 000 теңге талап етіп, әрекеттерін ашық бопсалауға ұластырған. Осылайша, заңсыз талап етілген қаражаттың жалпы сомасы 200 000 теңгені құрады.

Қауіпті сезген жәбірленуші дереу полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтап, олардың заңсыз алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгергені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті бопсалау әрекеттері көбіне «көмек сұрау» түрінде бүркемеленетінін ескертеді. Қысымға бой алдырмай, хабарламалар мен қоңырауларды тіркеп, құқық қорғау органдарынан көмек сұраңыз.

Азаматтардың сақтығы мен полицияның жедел іс-қимылының арқасында қылмыстарды бастапқы кезеңде тоқтатуға мүмкіндік бар.


ШҚО ПД баспасөз қызметі