ШҚО полицейлері бала өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша істі сотқа дейін жеткізді

ШҚО полицейлері бала өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша істі сотқа дейін жеткізді

ШҚО полицейлері бала өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша істі сотқа дейін жеткізді

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Күршім аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған жолаушының өліміне кінәлі деп танылған жол-құрылыс ұйымдарының бірінің 53 жастағы бас инженеріне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жол үстіндегі үйілген топырақтардың көлік қозғалысына қауіп төндіргені белгілі болды. Алайда, ол «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңының талаптарына қарамастан, ескерту жол белгілерінің орнатылуын қамтамасыз етпеген.

Осы салғырттықтың салдарынан 2025 жылғы 31 қазанда «Күршім–Қалжыр–Ақсуат» тасжолының 37-шақырымында ауданның 37 жастағы тұрғыны жол үстіндегі үйілген топыраққа соғылған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде оның 2019 жылы туған кішкентай ұлы оқиға орнында көз жұмғае, ал 2017 жылы туған қызы түрлі жарақаттар алған.

Қылмыстық істі тергеу шамамен үш айға созылған. 2026 жылдың қаңтарында іс сотқа жолданып, наурыз айында айыптау үкімі шықты. Сот инженерді «Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу» бабының үшінші бөлігі - абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет бойынша кінәлі деп таныды. Оған бас бостандығынан айыру және бір жыл мерзімге жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

ШҚО Полиция департаменті лауазымды тұлғалар мен мердігер ұйымдарды автомобиль жолдарында жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Жолдағы бір ғана салғырттық адам өмірін қиюы мүмкін.


ШҚО ПД баспасөз қызметі