Қызмет, тәртіп және заңдылық: ШҚО ПД-де жеке құрамның гарнизондық саптық жиыны өтті

Қызмет, тәртіп және заңдылық: ШҚО ПД-де жеке құрамның гарнизондық саптық жиыны өтті

Қызмет, тәртіп және заңдылық: ШҚО ПД-де жеке құрамның гарнизондық саптық жиыны өтті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтың жетекшілігімен жеке құрамның гарнизондық саптық жиыны өтті.

Іс-шара аясында қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Полицейлерге алғыс хаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» ведомстволық медальдары табысталды.

Департамент бастығы жеке құрамға арнаған сөзінде мінсіз қызметі мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдірді.

«Ең алдымен, әрқайсыңызға қызметтеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Бір ай бойы сіздер күшейтілген режимде қызмет атқарып, жоғары жауапкершілік пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Сондай-ақ, сіздердің отбасыларыңызға ерекше алғыс айтамын. Олардың қолдауы мен түсіністігінің арқасында сіздер қызметтік міндеттеріңізді абыроймен атқарып жүрсіздер», — деді ол.

Облыс аумағында бірқатар профилактикалық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қолданыстағы заңнама аясында құқық бұзушылықтардың жолын дереу кесу міндеті қойылды. Бөлімше басшыларына қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету, жедел жағдайға күнделікті талдау жүргізу және қойылған міндеттердің орындалуына жеке бақылау жасау тапсырылды.

Сондай-ақ полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне арнайы тоқталып, кешегі өткен есеп беру кездесуінде тұрғындар олардың кешкі уақытта қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін алғыс білдіргенін атап өтті. 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі