ШҚО-да полиция қызметкерлері 82 жастағы зейнеткерді тонау қылмысын ашты

ШҚО-да полиция қызметкерлері 82 жастағы зейнеткерді тонау қылмысын ашты

Қаскүнем дәрменсіз қарияның үйінен қомақты ақша ұрлап кеткен.

Ағымдағы жылдың қазан айының соңында Риддер қалаық полиция бөлімінің кезекші бөліміне зейнеткер хабарласып, жарты сағат бұрын белгісіз тұлға зорлық қолданып, өзіне тиесілі ақшалай қаражатты ұрлағаны туралы айтқан.

Оқиға орнына дереу Риддер қ. ПБ жедел-тергеу тобы жіберілді. Тәртіп сақшыларымен күдіктіні анықтау бойынша барлық шаралар қабылданды. Нәтижесінде «ізін суытпай» қаскүнем анықталып, ұсталды, ол бұрын сотты болған 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында ер адамның тез және оңай жолмен табыс табу мақсатында екінші деңгейдегі банк бөлімшесіне барғаны анықталды. Банк бөлімшесінде ол егде жастағы адамды көрген. Банк қызметкерінің зейнеткерге банкоматтан үлкен көлемдегі қаражатты шешіп бергенін байқаған, оның мүлікті ашық ұрлауға бағытталған қылмыстық ниеті пайда болған. Өзінің ойын жүзеге асыра отырып, ол зейнеткерді тұрғылықты жеріне дейін аңдып барған.

- Өзінің қартайғанына байланысты зейнеткер қарсылық көрсете алмайтындығын сенімді түрде түсінген қаскүнем үйдің қоршауынан секіріп, аулаға заңсыз кірген. Зорлық-зомбылық қолданып, үйінен 65 000 теңге ақша қаражатын ұрлап, қылмыс жасаған жерінен бой тасалаған,-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі - ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта күдікті Риддер қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақша қаражаттары алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі