Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» ЖПІШ басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» ЖПІШ басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» ЖПІШ басталды

Шығыс Қазақстан облысында 26-28 наурыз аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Бұл күндері өңір жолдарында рейдтер күшейтіліп, полицейлер мүдделі органдармен бірлесіп жүргізушілердің әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегінің бар-жоғын тексеретін болады.

Полиция департаменті айыппұлды 7 тәулік ішінде уақтылы төлеген жағдайда 50% жеңілдік қолданылатынын ескертеді. Аталған мерзім өткеннен кейін айыппұлды 30 күн ішінде толық көлемде өтеу қажет, әйтпесе берешек төленбеген жағдайда материалдар мәжбүрлі түрде өндіріп алуға жіберіледі.

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын айыппұл төлеуді кейінге қалдырмауға және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.


ШҚО ПД баспасөз қызметі