
ШҚО полицейлері «Digital Nauryz» көрмесінде цифрлық шешімдерін таныстырды
Наурыз мейрамы аясында Өскемен қаласындағы «Maxi Mall» СОО алаңында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті «Digital Nauryz» өңірлік цифрлық жобалар көрмесіне қатысты. Шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған заманауи технологиялар көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмеге өңірдегі IT-қоғамдастық өкілдері, білім беру ұйымдары мен телекоммуникациялық компаниялар қатысты. Полиция қызметкерлері ашық алаңда арнайы техникаларды, ал негізгі экспозицияда цифрлық әзірлемелерді көрсетті.
Көрмеде көрсетілген негізгі жобалар:
- Цифрлық полицейдің» жабдықтары мен заманауи киім үлгісі;
- Онлайн-трансляция режиміндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондар) жұмысы;
- Бейнебақылау және құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелері.
Бүгінде өңірде полиция жұмысының тиімділігін арттыратын цифрлық құралдар белсенді енгізілуде. Солардың қатарында «EkinPatrol G2» және «Кибер-Шериф» мобильді кешендері, «Циклоп» АӨК бортындағы компьютерлері, сондай-ақ «КордонПроМ» жасырын патрульдеу кешені бар.
Аталған технологиялық шешімдер құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде анықтауға, көлік ағынын бақылауға және туындаған қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге мүмкіндік беретіндігімен ерекше маңызды.
Көрмеге қатысу — цифрлық технологиялардың полиция жұмысын қаншалықты оңтайландырып, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік деңгейін қалай көтеретінін нақты дәлелдеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі