
Алаяқтарға тосқауыл: ШҚО-да полицейлер халықпен профилактикалық жұмыс жүргізді
Бүгін ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері азаматтардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ олардың хабардарлығын күшейту мақсатында облыстық драма театрында «АЛЖИР» спектаклі алдында профилактикалық іс-шара өткізді.
Залда жиналған 200-ге жуық көрерменге сахнадан интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері мен тәсілдері, сондай-ақ азаматтарды алдаудың ең көп таралған схемалары түсіндірілді. Полиция қызметкерлері алаяқтардың қалай әрекет ететінін, ең алдымен неге назар аудару керектігін және жеке деректер мен ақшалай қаражатты қалай қорғау қажеттігін айтып берді.
Сондай-ақ қызметкерлер интернеттегі қауіпсіздік ережелері көрсетілген профилактикалық жадынамаларды таратты.
Полицейлер азаматтарды қырағы болуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, кодтар мен жеке деректерді ешкімге бермеуге шақырып, интернет-алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы – ақпараттандыру пен сақтық екенін еске салды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі