ШҚО полицейлері Наурыз мейрамындағы іс-шаралар кезінде тәртіпті қамтамасыз етті

ШҚО полицейлері Наурыз мейрамындағы іс-шаралар кезінде тәртіпті қамтамасыз етті

ШҚО полицейлері Наурыз мейрамындағы іс-шаралар кезінде тәртіпті қамтамасыз етті


Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесінің таңы Республиканың орталық алаңында жеке құрамның жиынынан басталды. Қоғамдық тәртіпті күзетуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған полицейлер күшейтілген режимде қызметке кірісті.

Тәртіп сақшыларының басты міндеті — қала тұрғындары мен қонақтарының көктем мерекесін тыныш әрі қауіпсіз жағдайда тамашалауы үшін барлық жағдайды жасау болды.

Республика алаңындағы мерекелік шара өте ауқымды өтті. Қаланың басты алаңына 17 мыңнан астам адам жиналды. Осындай үлкен халық ағынына қарамастан, жағдай тұрақты және толық бақылауда болды.

Қызметкерлер тек жаппай серуендеу орындарында ғана емес, сонымен қатар қала жолдарында көлік ағынын реттеп, кептелістердің алдын алды. Қала тұрғындарының мерекелік көңіл-күйіне ештеңе нұқсан келтірмеуі үшін құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінді.

Жоғалған балаларды іздеу де мереке күніндегі маңызды міндеттердің біріне айналды.

Мерекелік қарбаласта және халық көп жиналған жерде балалар кейде ата-аналарынан көз жазып қалып жатты. Мұндай сәттерде полиция қызметкерлері тек қызметтік міндеттерін орындап қана қоймай, шынайы қамқорлық танытты — бүлдіршіндерді жұбатып, ата-аналарын табуға көмектесті және балалардың көз жасы тезірек күлкіге ұласуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Наурыз — мейірімділік, бірлік және өзара қолдау мейрамы. Полицияның жұмысы басты басымдық тек тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен бірге әрбір азаматқа деген шынайы қамқорлық екенін айқын көрсетеді.


ШҚО ПД баспасөз қызметі