ШҚО полицейлері мас жүргізушіні дер кезінде тоқтатып жол апатының алдын алды

ШҚО полицейлері мас жүргізушіні дер кезінде тоқтатып жол апатының алдын алды

ШҚО полицейлері мас жүргізушіні дер кезінде тоқтатып жол апатының алдын алды

20 наурыз күні түн ортасында Өскемен – Семей тасжолының 45-шақырымында, Таврия ауылынан шыға берісте патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару барысында Toyota Carina E автокөлігін тоқтатқан.

Көлік тізгінінде 37 жастағы жүргізуші болған. Тексеру кезінде полицейлер оның мас екендігінің айқын белгілерін байқайды — ер адамнан ішімдіктің өткір иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру күдікті растады: жүргізушінің қан құрамында мөлшері 2 промиллеге жуық алкоголь болған.

Полиция қызметкерлерінің дер кезінде жасаған іс-қимылының арқасында жолдағы ықтимал қауіпті жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік Өскемен қаласының арнайы тұрағына қойылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті көлікті масаң күйде басқару — жай ғана заң бұзушылық емес, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген нақты қауіп екенін еске салады.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жауапты болуға шақырады, өйткені жол қателікті кешірмейді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі