Рух пен мінез сынға түскен сәт: ШҚО ПД-да QAZAQ KURESI-нен мықтылар анықталды

Рух пен мінез сынға түскен сәт: ШҚО ПД-да QAZAQ KURESI-нен мықтылар анықталды

Рух пен мінез сынға түскен сәт: ШҚО ПД-да QAZAQ KURESI-нен мықтылар анықталды

Ұлттық спорт күні аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қазақ күресінен іріктеу туры өтті. Ерекше рухқа толы бұл дода Ішкі істер органдарының Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Татамиге әртүрлі қызметтерден 31 қызметкер шықты. Олардың қатарында ЖҚАЖ және ОЖВ жауынгерлері, криминалистер, жедел-техникалық бөлім қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар бар. Күнделікті қызметте заң мен тәртіпті күзететін олар бұл жолы белдесуде өздерінің мықтылықтарын шыңдады.

Әр белдесу — жай ғана тартыс емес, ерік-жігердің, сабыр мен шеберліктің айқасы. Қатысушылар төзімділік пен тактиканы қатар ұштастырып, көрермендерге тартысты сәттер сыйлады. Әр әдіс пен әр ұпай — жеңіске бастар маңызды қадамға айналды.

Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды. Алайда басты жетістік — олардың келесі кезеңге жолдама алуы.

Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тараз қаласында өтетін QAZAQ KURESI-нен чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл дода полиция қызметкерінің тек тәртіп сақшысы ғана емес, рухы берік, мінезі мықты, кез келген сынаққа дайын тұлға екенін көрсетті.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі