
Рух қуаты мен таңдау құны: ШҚО полицейлері «Алтын ажал» драмасын тамашалады
«Наурызнама» онкүндігі аясындағы Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы 40-тан астам қызметкердің қатысуымен облыстық драма және оперетта театрына мәдени сапар ұйымдастырды.
Сахна төрінде көрермен назарына ұсынылған «Алтын ажал» драмасы адам бойындағы ашкөздік пен моральдық құндылықтардың құлдырауын ашық бейнелей отырып, тәртіп сақшылары күнделікті қызметте бетпе-бет келетін өзекті мәселелерді өнер тілімен тереңінен толғады. Бұл қойылым офицерлер үшін жай ғана мәдени демалыс емес, материалдық және рухани құндылықтар арасындағы таңдау, қағидаттарға адалдық пен кез келген жағдайда адамдық қалыпты сақтау туралы ой түюге мүмкіндік берген маңызды сәт болды.
Рухани азық сыйлаған бұл кеш қызметкерлердің ішкі жігерін шыңдап, олардың кәсіби төзімділігі мен адамгершілік ұстанымдарын нығайта түсті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі