ШҚО-да заңсыз айналымнан бір килограммнан астам марихуана тәркіленді

ШҚО-да заңсыз айналымнан бір килограммнан астам марихуана тәркіленді

ШҚО-да заңсыз айналымнан бір килограммнан астам марихуана тәркіленді

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Риддер қаласының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, жергілікті тұрғындардың есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында екі күдікті: 33 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер 37 дайын полимерлі және қағаз түйіншектерді тапқан.
Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген есірткі заты салмағы бір килограммнан асатын, аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз сақтау, дайындау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала бермек.



ШҚО ПД баспасөз қызметі