ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қорытындыланды: 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында 10–13 наурыз аралығында өткен «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Оның негізгі мақсаты — қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Төрт күн ішінде өңір полицейлері 2300-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті.
Ең көп тіркелген құқықбұзушылықтар:
•315 – тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру фактісі;
•238 – қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе масаң күйде болу;
•86 – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйлерінен тыс жерде жүруі;
•120 – шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзуы.
Сонымен қатар жедел профилактикалық шара барысында заңсыз сақталған 12 атыс қаруы тәркіленді. Уақытша бейімдеу және интоксикация орталықтарына 40 азамат орналастырылды.
Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. ЖПІШ өткізу кезеңінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1700-ден астам дерегі анықталды.
Атап айтқанда:
•7 жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды;
•6 қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі;
•15 көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік жүргізуі;
•236 жаяу жүргіншілерге жол бермеу фактісі.
Өткізілген іс-шаралар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және өңірдегі криминогендік жағдайды тұрақтандыруға бағытталған.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын қолданыстағы заң талаптарын және қоғамдық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі