ШҚО-да учаскелік полицей қар құрсауында қалған жүргізушіге көмектесті

ШҚО-да учаскелік полицей қар құрсауында қалған жүргізушіге көмектесті

ШҚО-да учаскелік полицей қар құрсауында қалған жүргізушіге көмектесті

Зайсан ауданында болған қатты боран кезінде Жамбыл–Дайыр ауылына бағыт алған автобус жолда қар құрсауында қалып қойды.

Жолда тұрып қалған көлікті учаскелік полиция инспекторы байқап, дереу көмек ұйымдастырған. Ауылдық әкімдік өкілдерімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде автобус қар құрсауынан шығарылып, жолдың қауіпсіз бөлігіне жеткізілді.

Полиция департаменті қолайсыз ауа райында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарып жатқанын және аймақ жолдарында көмекке мұқтаж жүргізушілерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі