300 жас спортшы татамиде бақ сынады: Өскеменде «Есірткіге қарсы спорт» турнирі өтті

300 жас спортшы татамиде бақ сынады: Өскеменде «Есірткіге қарсы спорт» турнирі өтті

300 жас спортшы татамиде бақ сынады: Өскеменде «Есірткіге қарсы спорт» турнирі өтті

Өскемен қаласындағы «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында киокушинкай-кан каратэден облыстық турнир ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан келген 300-ден астам спортшы өз шеберліктерін паш етіп, салауатты өмір салтын қолдау мақсатында татамиде бақ сынасты.

Турнирдің ең әсерлі сәті — әлем чемпиондары мен жекпе-жек өнері шеберлерінің шеруі болды. Олар көрермендерге ката техникасын және тамешивариді - қатты заттарды сындыру әдісін көрсетіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Абай Бақтияров үздік шыққан спортшыларды марапаттады. Ол өз сөзінде спорттың жастарға дұрыс жол таңдауға көмектесетінін және зиянды әдеттерге қарсы негізгі күш екенін атап өтті.

Мұндай жарыстар тек мықтыларды анықтап қана қоймай, спорт, темірдей тәртіп пен қайсар рухтың өскелең ұрпақ үшін басты өмірлік бағдар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.



ШҚО ПД баспасөз қызметі