Өскемен оқушыларына қауіпсіздік пен заң алдындағы жауапкершілік туралы айтылды

Өскемен оқушыларына қауіпсіздік пен заң алдындағы жауапкершілік туралы айтылды

Өскемен оқушыларына қауіпсіздік пен заң алдындағы жауапкершілік туралы айтылды

Өскемен қаласындағы №24 мектепте оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара жеке қауіпсіздік пен заң алдындағы жауапкершілік мәселелеріне арналды. Кездесуге жүзге жуық мектеп оқушысы қатысты. Негізгі мақсат — жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі ескертіліп, қоғамдық орындарда, әсіресе түнгі уақытта сақтық шараларын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды. Оқушыларға интернетте бейтаныс адамдармен қарым-қатынастың қауіптері, кибербуллингтің зардаптары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы айтылды. Сондай-ақ желідегі қорлау мен өзге де заңбұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.

Кездесудің маңызды бөлігінің бірі ауыр құқықбұзушылықтардың алдын алуға арналды. Оқушыларға есірткі заттарын қолдану мен таратудың, күмәнді табыс көздеріне араласудың және құмар ойындарға қатысудың салдары жан-жақты түсіндірілді. Мамандар мұндай әрекеттер жасөспірімдердің денсаулығына ғана емес, болашағына да кері әсерін тигізіп, құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руфат Қажымқанов оқушыларды өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарап, жеке қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырды. Оның айтуынша, тәртіп, жауапкершілік және заңға құрмет — әрбір адамның табысты әрі жарқын болашағының берік негізі.


ШҚО ДП баспасөз қызметі