ШҚО-да 8 наурыз қарсаңында тағылымды кездесу өтті

ШҚО-да 8 наурыз қарсаңында тағылымды кездесу өтті

ШҚО-да 8 наурыз қарсаңында тағылымды кездесу өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Казақстан- Американдық еркін университетінің студенттерімен «Қоғамдағы іскер әйелдердің рөлі» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге ІІМ ардагері Қалиева Бакытгүл Тобиевна, Шығыс Қазақстан облысы ШҚО ПД КПБ басқармасының аға жедел уәкілі Карпова Татьяна Владимировна және кәсіпкер, «Траектория» әйелдер клубының негізін қалаушы Масалимова Анастасия Владимировна қатысты.

Әр спикер өз өмір жолы мен кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, қызмет барысында кездескен сынақтар мен жетістіктері туралы әңгімеледі. Әсіресе, тәлімгерлік пен ұрпақтар сабақтастығы, әйел адамның қоғамдағы орны мен жауапкершілігі кеңінен сөз болды.

Кездесу студенттер үшін үлкен тағылым болды. Қатысушылар қызметтегі табандылық, адалдық пен кәсібиліктің маңызын терең түсініп, қоғамдағы әйел-полицейлердің рөліне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды

 

ШҚО ДП баспасөз қызметі